Үрімші теміржол вокзалындағы жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл деректі Қазақстан республикасының Үрімшідегі бас консульдығы таратты, - деп «Қазақпарат» агенттігі хабарлады.
Еске салайық, кеше Астана уақыты бойынша сағат 15:10-да болған жарылыстан 3 адам қаза тауып, 79-ы жарақаттанған. Қайғылы оқиға Үрімші қаласының оңтүстік теміржол вокзалында болды. Жолаушылар пойызын күтіп тұрған адамдарға пышақпен қаруланған белгісіз біреулер тап берген. Дәл осы уақытта вокзалда қуатты жарылыс орын алды.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ