Қырғыз-Қытай шекарасында магнитудасы 6,1 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулері Алматы қаласында да сезілді. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 5 мамырға қараған түні сағат 02:23-те болған. Хабарламада жер асты дүмпулерінің ошағы Алматыдан 288 шақырым қашықтықта орналасқаны айтылады. Сондай-ақ, оның Алматы қаласында сезілуі шамамен 2-3 баллды құрады.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА