Ерлік ескерусіз қалмайды. "Ұлы Отан соғысында от кешкен 528 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры жайлы сериал түсірілмек", - деп хабарлайды «Қазақпарат». Фильмде әр батырдың өмірі мен еңбегі қамтылады. Бұл игі шараға мемлекеттік органдар мен мұрағат қызметкерлері көмектеспек. Сондай-ақ әрбір ауыл аймақта батыр атында қанша көше, ауыл бар екені жайлы ақпар жиналады.
«Генералдар кеңесі» ұйымының басқарма төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың айтуынша, қазір 510 батыр жайлы мәлімет бар. Бұл жұмысқа жергілікті учаскелік инспекторлар да үлес қосуда.
Айта кетейік, Қазақстаннан майданға 1 млн 200 мыңдай адам аттанды. Оның 600 мыңнан астамы жат жерде қаза тапты.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА