«Ғарышқа қазақтың ұшуы міндетті емес, қазақстандық болса болғаны». Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев осылай деді. «Ал Қазақстан азаматы үш жылдан кейін ғарышқа ұшады», - деді ол. Өйткені «Бұл міндетті іске асыру оңай емес. Себебі дәл қазір орбитада ресейлік «Мир» стансасы емес, халықаралық ғарыш стансасы жұмыс істеп жатыр», - дейді төраға.
Бұл дегені, бұрынғыдай ғарышқа кімнің ұшатыны Ресей ғана шешпейді. Еуропа, АҚШ, Ресей, Жапония, Канада сияқты 20-ға жуық мемлекеттің рұқсаты керек екен.
Талғат Мұсабаев, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы:
Біз Қазақстан республикасының азаматы ұшады деп үміттендік, міндетті түрде қазақ емес, Мұсабаев немесе Мырқымбаев емес, ең бастысы, Қазақстан республикасының азаматы болуы тиіс. Түсінікті ме?
Жұрағат БАМАН