Литвада өткен президент сайлауының бірінші кезеңінен кейін Даля Грибаускайте көш бастап тұр. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алғашқы мәліметтерге қарағанда, Балтық елін басқарып отырған Грибаускайте 46,58 % дауыс жинаған. Екінші орында 13,89% дауыспен социал-демократтар партиясының өкілі Зигмантас Бальчитис. Ал үшінші болып Еңбек партиясының мүшесі Артурас Палаускас келеді.
Дауыс беру науқаны жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды. Енді Грибаускайте мен Бальчитис президент сайлауының екінші сатысында кездеспек. Бастапқыда президент орынтағынан 7 адам үміткер еді.
2009 жылы Литва президенті болып сайланған Даля Грибаускайте елді экономикалық дағдарыстан шығару үшін қаржылық тәжірибесін пайдалануға сөз берген.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА