Ауа-райының тосын мінезі әлі алда. Апта соңына қарай көптеген аймақтарда күн райы күрт салқындамақ. "Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстанның кейбір өңірлерінде жел күшейеді. Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ауа-райы 0-5 градусқа дейін суытады деген болжам бар.
Ал солтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында желдің күші секундына 15-20 метр жылдамдыққа барады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында да бұрқасын дауыл болады деп күтіліп отыр. Шығыс Қазақстанда тұман түсіп, секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады.
Әлия Оспанова, "Қазгидромет" РМК инженер-синоптигі:
Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында кей күндері жаңбыр жауады. Аптаның соңына қарай салқын ауа массаларының келуіне байланысты республикамыздың солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашынды күн райы орын алып, сынап бағанасы 13 - 18, кейбір жерлерде 8 градусқа дейін төмендесе, түнде солтүстік өңірлерде жерді үсік шалуы мүмкін.
Жұрағат БАМАН