Кавказ бен Орталық Азия елдерінің 5 млн-нан астам тұрғынының тойып тамақ жеу мүмкіндігі жоқ. Бұл біріккен ұлттар ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылығы орталығының мәліметі.
Орталық сарапшылары Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанға ден қойған. Олардың есебінде бұл үш елде тоя тамақ жемейтіндер үлесі 5%-дан асып жығылады. Мәселен, Қырғызстанда 300 мыңнан астам адам ашқұрсақ. Өзбекстанда 1,6 млн, ал Тәжікстанда тіптен 2 миллионнан астам адам тоймайды. Бұл елдерде тоқсаныншы жылдардағы ашаршылық көрсеткіші өзгеріссіз қалды, дейді мамандар.
Біріккен ұлттар ұйымының ақпаратына сүйенсек, жалпы Кавказ бен Орталық Азия халқының 7%-зы, яғни бес жарым миллион тұрғыны ашаршылықтың зардабын тартып отыр.
Айгүл ӘДЕПБАЙ