Қарағандының 3-інші жылу электр орталығында жаңа энергоблок іске қосылды. Бұрын қуаттың жартысын Екібастұздан алып келген мекеме енді солтүстік өңірге тәуелсіз қызмет көрсете алады. Жоба қалада жаңа салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік, бизнес нысандарындағы энергия тапшылығын толық жоймақ.
Жаңа энергоблок қалаға 110 мегаватт электр жарығы мен сағатына 180 гегакалорий жылу қуатын береді. Жоба құны 185 млн АҚШ валютасын құрайды. Бағасына сәйкес озық технологияларға негізделген блоктың құрылысы 4 жылға созылды. Маңызды нысан кеншілер шаһарының жаңа ықшам аудандарындағы энергия тапшылығын жойып қана қоймай, энергия өндіруші компанияға түсетін салмақты жеңілдетпек. «Қарағанды Энерго Орталық» серіктестігі облыстағы ең ірі стансаны осылай жыл сайын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл қаланың инфрақұрылымын дамытуға да септігін тигізетініне сенеді.
Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:
Осы станса қасындағы «Арнайы экономикалық зонасындағы» жаңа салынып жатқан ірі мекемелер, зауыттарға өзінің электр қуатын беру мүмкіншілігі бар. Қуаттылығы 180 гегакалорий болғасын, ол мына Қарағанды қаласындағы энергия дефицитін толығымен жабатын болып тұр.
Нәби Айтжанов, «Қазақстанның коммуналдық жүйесі» ЖШС бас директоры:
Тәуелділіктен құтылдық. 2020 жылға дейін тағы да қосымша блоктар ашамыз.
Айжан ҚУАШ