Ресей маусымның бірінен өз жеріндегі американдық GPS станцияларының жұмысын тоқтатпақ. Бұл қадамға «ГЛОНАСС» жер станцияларын АҚШ территориясында орналастыру туралы келісімге қол жеткізбесе баруға дайын. Бұл туралы Ресей Үкіметінің вице-премьері Дмитрий Рогозин журналистерге берген сұхбатында айтты.
Ресей-америка тараптарының 31-мамырға дейін өзара келісімге келулеріне уақыт бар. Сондай-ақ, Рогозин Ресейдің Халықаралық ғарыш станциясын пайдаланудан бас тартатынын мәлімдеп, қыр көрсетті. «Өйткені, Ресей өз қорын басқа да келешегі зор ғарыш жобаларына жұмсамақ», - деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ресей мен АҚШ халықаралық ғарыш станциясына байланысты бір-біріне тәуелді. Бұл АҚШ көзқарасы. Өйткені, олардың астронавтарды орбитаға жеткізу мүмкіндіктері шектеулі.
Дмитрий Рогозин, РФ Үкіметінің вице-премьері:
Біздің ғарыш агенттігі мен Ғылым академиясы Ресей космонавтикасының дамуының келешегі зор деп таниды. Сондықтан, бізге аталмыш станция тек 2020-жылға дейін ғана қажет деп санаймыз.