Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне қарасты АН-72 ұшағы кеше күндіз Ақтау әуежайына қонуға мәжбүр болған. Бұл туралы «Қазаэронавигация» мекемесі мамандары хабарлайды.
Айтуларынша, жөндеуден өткен АН-72 ұшағы Киевтен бет алған. Командир ұшақтың гидрожүйесінде ақау шығып, шұғыл қону қажеттігін диспетчерге хабарлаған, дейді мекемедегілер. Сондай-ақ, борт әлі де әуежайда екенін жеткізді.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА