«Газпром» Украина ресей газының қарызын жақын күндері қайтарады деп сенеді. Бұл туралы компания басқармасының төрағасы Алексей Миллер жыл сайынғы Еуропалық іскерлік конгрессінде сөйлеген сөзінде айтты.
Еске салайық, бүгін Киев Мәскеуге 2 миллиард доллар қарызын өтеуі тиіс. Қалған 500 миллионды Украина 7- маусымға дейін қайтарамыз деп отыр. Алайда, Миллер егер де «Газпром» маусым айында тасымалданатын газ үшін қаражат алмаса 3 маусымда Украинаны газдан айырады деп ескертті.
Қазіргі таңда «Нафтогаздың» Ресей алдындағы берешігі 3 миллард 500 миллион долларды құрап отыр. Ал 7 маусымда бұл сома 5 миллиардқа жетеді. Бұдан бұрын БАҚ беттерінде Еуроодақ «Нафтогазға» 10 миллард доллар қаражат табуға көмектестіні жайында хабар таратылған болатын.
Алексей Миллер «Газпром» ААҚ басқарма төрағасы:
Жақын күндері біз келіссөздер бойынша мәмілеге келіп, Украина ресей газына төлейді деп сеніп отырмыз. Сонымен қатар, «Газпром» маусым айындағы газ тасымалына да шот бергені де белгілі. Соңғы мерзім 2 маусым.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ