Әуеде жоғалған ресейлік «Экспресс-АМ4Р» аппаратының құны 200 млн еуродан асады. Бұл спутник, «Интерфакс»-тың хабарлауынша, ең мықты байланыс спутниктері класына жатады.
Аппарат «Космическая связь» мемлекеттік кәсіпорнының тапсырысы бойынша әзірленген. Сондықтан, сақтандырылуы тиіс.
Еске салайық, бүгін түнде Байқоңырдан ұшырылған «Протон-М» зымыран-тасығышы тағы да апатқа ұшырады. Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, айдаушы блогы бар ғарыштық аппарат зымыранның үшінші сатысынан ажырап үлгермеген. Бір деректе зымыран-тасығыш Алтай аумағына құлады деп хабарланса, басқа ақпарат бойынша - Тынық мұхиттың ресейлік жағалауына құлаған.
Айта кетейік, «Экспресс-АМ4Р» спутнигін жасау туралы келісім-шартқа 2011 жылы желтоқсанда қол қойылған. Оны еуропалық EADS Astrium компаниясы шығарған.