Бір айналдырса шыр айналдырады. Алматыдағы хайуанаттар бағында тағы бір жыртқыш ауруға душар болды. Бұл жолы зообақты көп жылдан бері мекен еткен ақ аю ас ішуден қалған. Бірақ зообақ басшыларының мәлімдеуінше, аю 27 жыл өмір сүрген. Сондықтан оның сырқаттануы кәрілікпен байланысты болуы мүмкін деп болжайды.
Айта кетейік, бұған дейін онда қар барысы, ал одан соң Құралай есімді жолбарыс ауырып өлді. Бағалы аңдардың өліміне қатысты Алматы қалалық әкімдігі комиссия құрып, қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Ақбай Әжібаев, Алматы хайуанаттар бағы директорының орынбасары:
Сараптама жұмыстары өтті. Екі күнде қорытындысы дайын болады. Күтіп отырмыз. Барлық ветеринарлық көмек жасалды. Медикаментоздық емін қолдандық. Нәтижесі жақсы болған. Отырып, тұрып, тамақ ішіп. Мамырдың 3-4 күндері қайтадан денсаулығы нашарлады.
Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ