Ал ҰҚК Шекара қызметі болса, су жаңа ұшақтарын таныстырды. Шекарашылардың авиациялық техника паркіне жаңа екі тікұшақ пен ұшақ қосылды. Олар «Ми-171» тікұшақтары мен Ан-74 әскери-көлік ұшағы.
Жаңа техникалар республиканың мемлекеттік шекарасын күзетуге тартылады. Мәселен, Ми-171 тікұшағы, Ми-8-дің өте жаңартылған түрі деді мамандар. 13 тонна тонна салмақты көтеріп ұшу мүмкіндігіне ие. Тікұшақпен күндіз-түні, тіпті, күрделі ауа райы кезінде де ұшуға болады. Ал АН74 Т200 ұшағы топырақты ұшып қону алаңдарынан да көтеріле алады.
Илхам ИБРАГИМ