Испанияда соңғы 35 жылда алғаш рет коррида ұлттық ойынына тыйым салынды. Ойынға түбегейлі қарсылық танытқан белсенділер оны тым қатыгез шара деп санайды. Алайда мұндай пікірмен келіспейтіндер де бар.
Олардың қатарындағы корольдіктің премьер-министрі Мариано Рахой корриданы ұлттық тарихтағы тамыры терең өнердің көне түріне жатқызады. Жыл сайын Испанияда екі мыңға жуық осындай жарыс ұйымдастырылады. Бұқамен болған соңғы жекпе-жекте 3 бірдей матадор ауыр жарақаттанған. Олардың ішінде Давид Мора есімді спортшы хал үстінде. Корридаға осы жайттан соң тиым салынып отыр.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ