Қытай терроризмге қарсы бір жылдық науқан бастамақ. Бұл қадамға Шыңжандағы террорлық актілер себеп болып отыр.
Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, науқан 2015 жылдың маусымына дейін жалғаспақ. Мақсат - елдегі діни экстремизмге төтеп беру. «Біз терроризмге қарсы күресті Шыңжан - Ұйғыр автономды аймақтары және бірқатар провинцияларымен бірлесіп қатаңдатамыз», - делінген ведомство сайтындағы хабарламада.
Айта кетейік, жуырда қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь зорлық-зомбылық пен террористік актілерге қарсы жедел науқан бастап, «халықтық антитеррористік соғыс» жариялау керектігін айтқан.
Жұрағат БАМАН