Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы талқыланды

  • AstanaTV
  • 13 мамыр 2016
  • 1543

Бүгін «Нұр Отан» партиясының өкілдері Семей қаласының кәсіпкерлерімен кездесті. Тараптар «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін талқылады. Сондай-ақ, «100 нақты қадам» ұлт жоспары да сөз етілді. Іскерлік кездесуге қаланың 100-ден аса кәсіпкері келген. Белгілі болғандай, бизнес иелерін толғандыратын мәселелер шаш етектен. Партия хатшысы Наталья Годунова барлық сұрақтар ескерілетінін атап өтті.

Наталья Годунова, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Кәсіпкерлерді қолдау - негізгі бағытымыз. Мемлекет басшысы, "Нұр Отан" партиясының төрағасы алдымызға үлкен міндет қойды. 2050 жылға дейін Ішкі жалпы өнімде шағын және орта бизнес үлесі 50%-дан кем болмауы тиіс. Сондықтан да 2021 жылға дейін бұл көрсеткішті 30% дейін жеткізбекпіз. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА