АҚШ бірден 13 швейцариялық банкке қатысты талапты күшейтуі мүмкін. Оған себеп - өткен аптада Credit Suisse америкалықтарға салықтан жалтаруға ықпал жасағаны әшкереленді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ, Julius Baer Group, Zuercher Kantonalbank пен HSBC-дің швейцариялық бөлімі тергеуге алынды. АҚШ Бас прокурорының көмекшісі Кэтрин Кениллидің айтуынша, Америка билігінің ұстанымы заңбұзушылық масштабына және банктердің тергеуге қаншалықты атсалысуына байланысты болмақ.
Ал АҚШ-тың ішкі табыс қызметі жинаған мәліметке орай, он үш банк қара тізімге ілікті. Credit Suisse-ке 2 миллиард 600 миллион доллар айыппұл салынды. Бұл бүгінге дейінгі ең ірі айыппұл.
Мөлдір ДҮЙСЕКИНА