Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарапшылар ресейлік Airbus ұшағының апатқа ұшырауына үш себеп бар дейді

  • AstanaTV
  • 02 қараша 2015
  • 1156

Мысырдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың мәйіттерін тану жұмыстары басталды. Бұл жөнінде Санкт-Петербордың вице-губернаторына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Айта өтейік, бүгін Пулково-2 әуежайына марқұмдарды Ресейге жеткізген алғашқы ұшақ келіп қонды. Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан сарапшылар апаттың бірнеше себебін атады. Олар Airbus ұшағының құлауына салондағы  саңылаулардың ашылуы, қозғалтқыштың істен шығуы немесе лайнердің корпус төсемдеріне сызат түсуі себеп болуы мүмкін деп топшылайды. Сондай-ақ,  ұшақтың бірнеше жыл бұрын күрделі жөндеуден өткенін айтқан сарапшылар сол кезде қандай да бір деталь назардын тыс қалуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Апаттың нақты себебін анықтау оңайға түспейтіні анық. Өйткені зерттеу жұмыстарына кірісу үшін Airbus-тың сынықтарын толығымен жинау қажет. Қара жәшіктегі жазбалар да әлі оқылмаған. Еске салайық, әуе апаты 31 қазан күні орын алды. Ұшақ бортында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Олар түгелдей қаза тапты.

Л.ҚАЗИАҚПАРОВА