Саммит аясында түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесіне мүше-мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті. Бұл жайында Ақ орда хабарлайды.
Кездесу барысында мемлекет басшылары саммиттің соңғы күні көтерілетін негізгі мәселелерді талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік құрылымдар аясындағы көп жақты ынтымақтастықтың басты бағыттары жөнінде пікір алмасты.