Өскеменде Ресей Федерациясының Бас консулдығы ашылды. Айтулы шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников қатысты.
Бұл - Қазақстан аумағында ашылған Ресей елінің үшінші консулдығы. Ресей азаматтарына құқықтық көмек көрсетумен қатар, Қазақстан мен көрші ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюына үлес қоспақ. Ресей елімен шекаралас аймақ болғандықтан, Бас консулдық Шығыста ашылып отыр.
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Шынымен де, бүгін ерекше күн. Біздің өңірімізде ерекше оқиға. Ел аумағындағы үшінші консулдық ашылып отыр. Екі ел арасындағы береке-бірліктің дамуына, нығаюына еңбек етеді деген ойдамыз. Қарым-қатынасымыз осылай нығайа түседі.
Қанат ОРАЛБЕК