Шығыс Қазақстан облысы Алтай өлкесімен телекөпір өткізді. Сарапқа салынған басты тақырып - Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы экономикалық одақтың тиімділігі болды.
Шығыс Қазақстан мен Алтай өңірінің арасындағы тығыз мәдени байланыс пен қатар экономикалық алыс-беріс те гүлденіп тұр. Мысалы, Семей қаласында соңғы 5 жыл ішінде «Беларусь» тракторларын құрау қолға алынған. Осы уақыт аралығында 5 мың трактор зауыттан шығарылды.
Жоғарғы оқу орындары мен медициналық мекемелер арасындағы байланыс та тығыз. Өткен жылы Шығыс Қазақстанның көрші елдермен тауар айналымы 1 миллиард теңгеге жеткен. Еуразиялық экономикалық одақ үш ел арасындағы байланысты одан ары нығайта түсері сөзсіз, - дейді өңір басшылары мен кәсіпкерлер.
Бердібек Сапарбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Біз бұл экономикалық одақ үш ел арасындағы сауда-саттықты бұдан әрі жандандыра түседі деген ойдамыз. Бізге жаңа мүмкіндіктер ашылып тұр. 170 миллион тұтынушы мен 200 миллиярд теңгенің тауарын айналымға салу мүмкіндігі бар.
Петр Рудник, Могилев облысының өкілі, Беларусь:
Бұл қадам біздің елбасыларымыздың көп жылғы еңбегінің жалғасы. Кедендік одақ құлағаннан кейін де біздің достығымыздың берік екендігінің дәлелі.
Александр Карлин, Алтай өңірінің губернаторы, Ресей:
Біздің тауар айналымымыздың үштен бір бөлігі Қазақстанға келеді. Оның ішінде Шығыс пен Павлодар облыстары - біздің сенімді серіктестеріміз.
Қанат ОРАЛБЕК