Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ басшысы ұсталды

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2015
  • 1374

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топтың белсендісі құрықталды. Кезінде есі ауысқан деп танылып, психиатриялық орталыққа тоғытылған Жамалиев тайраңдап жүрген жерінен қолға түскен. Бұл жайында ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта өтейік, Жамалиев басқарған қылмыстық топ 2013 жылы «Кега Шоу Бар» және «Кега Мюзик Бар» түнгі клубтарының аумағында атыс ұйымдастырған. Салдарынан бір адам ауруханада ес жимастан  көз жұмса, тағы екеуі ауыр  жарақаттанды. Сол кездері қылмыстық топ мүшелерінің барлығы ұсталып, ұзақ уақытқа бас бостандықтарынан айырылды. Бірақ топ басшысы Жамалиев есі аусықан деп танылып, сот үкімімен қалалық психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығына мәжбүрлі түрде ем алуға қамалған.

Алайда әлдекімдер 20 қазан күні қылмыскерді тағы да көңіл көтеру орталықтарының бірінен байқапты. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оны үй ауласының біріндегі автокөлік салонында қайтадан қолға түсіреді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іске қатысты  тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қоғамға қауіпті диагнозбен жабық түрдегі стационардан қалайша емін-еркін шыққаны да тексеріліп жатыр. Аталмыш медицина қызметкерлерін жауапкершілікке тарту амалдары да қарастырылмақ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА