Шетелдік инвесторлар үшін жерді жалға беру мерзімі ұзартылуы мүмкін. Мұны Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді. Айтуынша, шетелдiктерге және шетел иелiгiне тиесiлi компанияларға 313 мың гектар жер телімі ауыл шаруашылық мақсаттар үшін жалға берілген. Енді инвестор өз қаржысын ақтамайынша, сол жерде жұмыс істей береді.
Айта өтейік, бұған дейін жалға алу мерзімі 10 жылға дейін шектелген. Сондай-ақ министр Аргентина тәжірибесін негізге ала отырып, шетел инвесторларын бір жерде шоғырландырмау мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.
Болат Жәмішев, ҚР Өңірлік даму министрі:
Шетелдiк компанияларға немесе тұлғаларға жалға берiлетiн жер телiмдерi жобаның өзiн-өзi ақтау мерзiмiне дейiн берiледi. Қазiргi уақытта ол 10 жыл мерзiмге дейiн шектетiлген.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА