Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ президенті Барак Обама Польшада іс сапарымен жүр

  • AstanaTV
  • 03 маусым 2014
  • 1213

АҚШ президенті Барак Обама Польшада іс сапарымен жүр. Бұл оның Еуропадағы төрт күндік турнесі аясындағы алғашқы ел. Келесі күні Ақ үй басшысы Украинаның жаңа сайланған президенті Петр Порошенкомен кездесіп, Польшадағы еркін сайлау өткеніне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылатын мерекелік шараларға қатыспақ.

Құрама Штаттар президентінің осы сапары барысында Украинадағы жағдайға және Ресеймен ара қарым-қатынас тақырыбы күн тәртібінде. Бүгінде АҚШ тарапы Украинада өткен сайлауды және Мәскеудің өз әскерлерін шекаралық аймақтардан қайтарып алуын дағдарыс фазасының өткенімен байланыстырып, Ресейге қатысты шектеулерді шегере тұруды дұрыс көріп отыр.

Алайда Барак Обама әлі де Ресейді оқшаулауға қатысты саясатын жалғастыра беретіндігін және қажет болса, еуропалық одақтастарына әскери қолдау көрсету жағы қарастырылатынын жасырмайды.

Жұрағат БАМАН