Солтүстік Қазақстанда таяуда із-түссіз жоғалған мектеп түлегінің өлі денесі табылды. Владислав Виниченконы жергілікті балықшылар Буденное ауылының маңындағы көлден тапқан. Оқушының мүрдесі қамыстың арасында жатыпты.
Сот медициналық сараптама нәтижесі көрсеткендей, баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ал оның мас, не сау күйінде болғаны жайлы ақпаратты тәртіп сақшылары әзірге таратпай отыр. "Себебі оны қосымша экспертиза нәтижесі көрсетеді", - дейді.
Еске сала кетсек, Жамбыл ауданы Чапаев ауылының 17 жасар тұрғыны Владислав Виниченко 25 мамырда сыныптастарымен бірге Буденное елді мекенінің маңындағы орманға демалуға барған. Ал ата-анасына сол ауылдағы досының үйінде қонатынын ескертіпті. Жасөспірім дәл сол күні кешкі сағат 11 шамасында үйге келіп қонатынын айтып, телефон шалған. Алайда кейін іс-түсіз жоғалды. Мектеп түлегінің мәйіті тек бір аптадан соң ғана табылды.
Дәрима Әбдірахманова, СҚО ІІД бас маманы:
Іздестіру іс шаралары барысында екінші маусым күні жасөспірімнің денесі көлден табылды. Жүргізілген сот медициналық сараптама нәтижесінде зорлап өлтіру белгілерінің болмағаны анықталды. Аталған факті бойынша барлық процессуалдық амалдар жүргізілуде.
Абзал ҚҰРМАНКИН