Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар комитеті ескерту жариялап отыр. Қазгидрометтің мәліметінше, мамырдың 17-сі мен 19-ы аралығында суық атмосфералық фронттарға байланысты орталық өңірлерде жауын-шашын болады. 
 
Республиканың шығысында екі тәулік бойы жауған жаңбыр соңы қарға айналып, түнде -1-6 градус аяз болуы мүмкін. Сондай-ақ, суық ағынның өтуіне қарай, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Ал солтүстік аудандарға Батыс Сібір аумағынан суық  антициклон жылжып келеді. Соған байланысты түнгі уақытта үсік сақталып, температура әдеттегіден  2-6 градусқа төмендейді деген болжам бар. 
 
Берік ХАСЕНОВ