Елімізде мемлекеттік рәміздер күні аталып жатыр. Бүгін Атырауда бір мезетте алты жүз адам Қазақстан Республикасының әнұранын шырқады. Орталық Исатай-Махамбет алаңына жиналғандар мемлекеттік рәмізге осылайша құрмет көрсетті.
«Рәміздерім - елдіктің нышаны, бірліктің ұраны» деп аталған көпшілік шараға оқушылар, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер мен қарапайым тұрғындар қатысты. 1992 жылдың 4 маусымында қабылданған рәміздерді 22 жылдан бері Қазақстанның бейбіт елі қастер тұтып келеді. Атыраулықтар осы атаулы күні бір мезгілде әнұран шырқауды жыл сайынғы дәстүрге айналдырған.
Базаргүл ІЗІМОВА