Испанияда он мыңнан астам адам референдум өткізуді талап етіп Мадрид көшелеріне шықты. Оларды елдің 60-тан астам қалаларының тұрғындары қолдауда. Испандықтар монархиядан бас тартып, республикалық басқаруға көшпек.
Жиналған жұрт 1931 жылы жарияланған екінші испан республикасының жалауын желбіретуде. «Бурбондар кетсін», «Испания республикалық болуы тиіс», - деген ұрандар айтылуда.
Айта кетейік, Испания - конституциялық монархия формасын ұстанады. Қазір Испания билігі қала орталығына полиция жасақтарын жинады.
Еске салайық, 39 жыл бойына тақта отырған Испания королі Хуан Карлос кеше өз орнынан бас тартып, ұлы - принц Фелипеге жол берген-ді. Дәл қазір Испанияны республика ретінде жариялау - ең қолайлы сәт. Монархия бүгінде ескірді. Бұған қоса ол өте қымбат.
Жұрағат БАМАН