Русский Сайттың толық нұсқасы

Боинг 737 Қазақстанда ұшуын тоқтатпайды

  • AstanaTV
  • 09 қараша 2015
  • 985

Боинг 737 Қазақстанда ұшуын тоқтатпайды. Мемлекетаралық авиациялық комитеттің шешіміне қатысты біздің арнаға сұхбат берген «SCAT» әуе компаниясының өкілі мұны растады.

Бұдан бұрын, МАК Ресейдегі Boeing 737 ұшағының сертификатын қайтарып алатынын мәлімдеген. Себебі техникалық ақау барын алға тартады. Алайда, Росавиация бұл шешімге құлақ асып отырған жоқ, деп хабарлайды РБК. Мұндай шешім тек көрші елдің әуе кемелеріне қатысты болса керек. Қазақстандық «SCAT» өкілдері тиісті органдардан Боинг 737-нің жұмысын тоқтату туралы ешқандай бұйрық түспегінін айтады. Әрі мұндай нұсқау беруге құқығы да жоқ, дейді. Айта өтейік, МАК 1991 жылы құрылған. Оның құрамына Қазақстаннан өзге тағы 10 мемлекет кіреді.

Виктория Ульянова, «SCAT» әуе компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің маманы:

МАК бізге мұнай бұйрық бере алмайды. Олар тек ресейлік компанияларға таратқан. Аталмыш ұшақ моделі бүкіл әлемде ұшып жүр. Бізге Қазақстандағы азаматтық авиация комитеті ғана мұндай тиым сала алады. Немесе ұшақты құрастырушы компания. Әзірге қандай да бір бұйрық түскен жоқ. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ