Қарағанды зообағы тағы да ерекше жануарлармен толықты. Сильва есімді арыстан ақшыл түсті күшіктер туды.
Зообақ мамандарының айтуынша, Сильваны қашырған өзінен туған ересек арыстан. "Туыстық қатынастан туғанымен, кішкентай арландардың жағдайлары қалыпты", - дейді бақ қызметкерлері. Әзірге оларды жақыннан көруге мүмкіндік жоқ. Кішкентайларын емізіп жүрген аналары қастарына ешкімді жақындатар емес. Күшіктерді зообақтың қызметкерлері кездейсоқта суретке түсіріп алыпты. Фотосуретте тек 2 күшік қана көрінеді. Алайда зоологтар олардың саны көбірек болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Абзал ҚҰРМАНКИН