Қазақстанда нағыз аптап ыстық басталады. Алдағы күндері елімізде күн қатты ысып, кей өңірлерде термометр көрсеткіші 40 градусқа дейін жетеді.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ауа температурасы қалыпты жағдайдан 5ºС-қа дейін көтеріледі. Әсірісе, еліміздің оңтүстігінде күн шамадан тыс ыстық болады деп болжануда. Осы аптаның сенбісінде Қызылордада сынап бағанасы 40 градусқа жетеді.
Ал Шымкентте ең ыстық күн - жұма күні тіркеліп, ауа температурасы 35 градус шамасында болады. Алматыда 28-30 градус төңірегінде. Республиканың тек солтүстігінде және шығысында, сондай-ақ, 19 маусымда батыста кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Илхам ИБРАГИМ