Қарағанды облысын шегіртке қаптап барады. Зиянкестер Жаңаарқа ауданындағы ауылдарды жайпап жатыр. Мамандардың айтуынша, «бұл облыста орын алған алғашқы жағдай. Жылда 130 мың гектар жер өңделеді. Бұрын-соңды бұндай болған емес», - дейді олар.
Қазіргі таңда ауылда жәндіктердің көзін жою жұмыстары жүргізілуде. Арнайы топ улы химикаттарды шашуда. Сондай-ақ, ауыл маңы ұшақпен әуеден де тозаңдатылып жатыр. «Қазір шегірткенің жұмыртқалау кезеңі басталу қаупі бар. Сондықтан, жұмысты жеделдету керек», - дейді сала мамандары. Әйтпесе, шегірткеден төнетін қауіп еселенуі мүмкін.
Жұрағат БАМАН