Бразилияда футболдан әлем чемпионатының кезекті ойын күнінде плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылған командалар анықталды. Соның бірі - Испания топтық кезеңде Чили командасынан жеңілді.
Әйгілі «Маракана» стадионында өткен ойын 2:0 есебімен Чилидің пайдасына шешілді. Австралия құрамасы Голландиядан ұтылды. Есеп 2:3. Ал, Хорватия құрамасы Камерунды ойсырата жеңді.
Манаустың «Амазония» стадионында өткен «А» тобындағы ойын 4:0 есебімен аяқталды. Нәтижесінде Хорватия топтық кезеңнен плей-офф турниріне өту мүмкіндігін сақтап қалды. Ал, екі ойында да жеңіліс тапқан Камерун ондай мүмкіншіліктен біржолата айырылды.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА