Ақпараттық қауіпсіздік басты назарда болуы керек! Стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин осылай дейді. Бүгін ол Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында "Терроризм қауіп-қатері: халықаралық және аймақтық аспектілер" тақырыбында дәріс оқыды. Баяндамаға сай, бүгінде тиым салынған діни ағымдардың әлеуметтік желілерде 10 мыңнан астам аккаунты бар. Сондықтан жастарымыз лаңкестердің арбауына түсіп, қақтығыс аумақтарына кетіп жатыр, - дейді ол.
Ерлан Қарин, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры:
Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында теріс насихат жұмыстары белең алған. Оған біздер, күштік құрылымдар, қоғамдық ұйымдар үнемі бақылау жүргізе алмаймыз. Бұл ортақ проблема. Оны қоғам болып шешуіміз керек.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА