Елде кадрлық ауыс-түйіс. Қарағанды облысына әкім болып Нұрмұхамбет Әбдібеков тағайындалды. Президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин жаңа атқамінерді облыс активіне таныстырды.
Нұрмұхамбет Әбдібеков осыған дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Тау-кен саласы өңір басшысына таңсық емес. Ол еңбек жолын Шилі сай фосфор зауытында қарапайым шебер болып бастаған. Бертін келе Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметін атқарды. Экономика және кәсіпкерлік саласында да тәжірибесі мол.
"Ал экс-әкім Бауыржан Әбдішев жақын арада басқа қызметке тағайындалмақ", - деді Президент Әкімшілігінің жетекшісі.
Нұрлан Нығматулин, ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі:
Елбасының Нұрмұхамбет Әбдібековті Қарағанды облысының әкімі қызметіне тағайындау жайлы ұсынысын облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Оның алдында тұрғындардың жағдайын жақсарту мен өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру міндеттері тұр.
Абзал ҚҰРМАНКИН