Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге жұмыс сапарымен келген Иордания Королі Абдулла II-мен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдулла II-ші халықаралық өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Қазақстан Президенті екі ел және олардың көшбасшылары арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынас қалыптасқанын атады. Бұл ретте ол Иорданияның Таяу Шығыста маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Абдулла II-ші Қазақстанға келуге шақырту жібергені үшін Елбасына алғыс айтты. Еліміздің сириялық босқындар мәселесі бойынша көрсеткен қолдауы үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа Иордан халқы атынан ризашылығын білдірді.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ