Президент Ақтөбеден кейін Өскеменге жол тартады. Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында өңірдің даму қарқынымен танысып, облыс орталығы Өскеменде салынған Жекпе-жек сарайы, Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетикалық манеж және бассейн орталығын аралайды деп жоспарланған.
Сапар бағдарламасы бойынша ертең Президент облыс активімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму түйіткілдері талқыланатын кеңеске қатысады. {.
Қанат ОРАЛБЕК