Әскери ұшақтың негізсіз атып түсірілуі ресей-түрік қарым-қатынасына сызат түсірді. Бүгін Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев твиттердегі парақшасында осылай деп жазды. Ал мұның арты жақсылыққа әкелмейтінін айтып, алаңдаушылық білдірген.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының спикері:
"Түрік әскери әуе күштерінің Ресей бомбалушысын негізсіз атып түсіруі - екі жақты қарым-қатынастар үшін аса ауыр зардаптарға әкелетін оқиға."
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА