Петропавлдың 32 жастағы тұрғыны темір жол вокзалында сұйық отынның жалған талондарын сатып келген. Заңсыз сатушыны тәртіп сақшылары құрықтап, одан жанармай мен дизельдік отынның он талонын тәркіледі. Ол бензиннің литрін 50 теңгеден сатқан. Алайда, пысықай талондардың жалған екенінен білмеген көрінеді. Қазір полицейлер оның арбауына түскен адамдарды да іздестіріп жатыр. Әзірге ұсталған азамат ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа жіберілді.
Сәния Есімбаева, Петропавл қаласы ІІБ криминалды полиция бөлімінің қызметкері:
Ұсталған азамат - нашақор. Осыған дейін мүліктік қылмысқа байланысты жазасын өтеді. Ол 10 жалған талонды сатты деген айыппен күдікке алынып отыр. Қазір талондарды жасаған кісілерді анықтап жатырмыз.
Абзал ҚҰРМАНКИН