Бүгін Сочиде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевпен кездеседі. Бұл туралы Ресей үкіметі басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық және еуразиялық ықпалдастық мәселелері талқыланады деп күтілуде. Сонымен қатар, Сочидегі екі жақты кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастастыру жайы да сөз болмақ.