Астана маңынан салынатын жаңа күн электр стансасы Елорданың энергия жүйесін 10 пайызға жеңілдетеді. Бүгін нысанның алғашқы қазығы қағылды. Жоба құны 150 млн еуроны құрамақ. Оның 70 пайызы жобаны жүзеге асырушы компания ұсынған инвестиция. Ал қалған 30% ақшаны Нидерланд, Түркия және Германия инвесторлары құйған. Күннен қуат алатын станция 300 гектар жерді алады.
Целиноград ауданы әкімдігінің мәліметінше, бұл жерге 32 мыңдай күн панелі орнатылады. Қуаттылығы тәулігіне 100 МВт немесе жылына 288 мың МВт болады деп күтілуде. Жоба жетекшілерінің айтуынша, күн электр станциясы тек Қазақстанда ғана емес, барлық Орталық Азиядағы ең ірі нысан болады. Кәсіпорын 2017 жылдың соңында тапсырылады деп күтіліп отыр.
Тайлан Караманли, «KB ENTERPRISES» директоры:
Астанада, электр энергиясының тұтыну мөлшері артып келеді. Сондықтан өңірге жаңа қуат көздері керек. Бұл жердің климаты қолайлы. Салқын ауа күн панельдерінің жұмысына жақсы әсер етеді. Мұндай нысандарды салуда біздің әлемдік тәжірибеміз зор. Егер ЭКСПО көрмесі басталғанға дейін бітіріп үлгермесек те, бұл панельдерді міндетті түрде орнатамыз, оларды қолданысқа береміз.
Евгений Вахрушев, бас мердігер өкілі:
Станцияның қуаттылығы 100 мВт төңірегінде болады деп күтіп отырмыз. Бұл болжам бойынша. Сағатына 100 млн кВт қуат шығарады. Бір үйдің энергияны тұтыну мөлшері орта есеппен 5-10 кВт. Бұған қарап, нысанның электр энергиясымен қаншалықты қамтамасыз ететінін көруге болады.
Айгүл ӘДЕПБАЙ