Шығыс Қазақстанда құрылыс компанияларының өкілдері ұлттық кәсіпкерлер палатасына шағымданды. Аймақтағы кәсіпкерлер «тендерлерге» қатысудың қиынға соққанын алға тартуда. Оған жаңа техникалық талаптар кедергі көрінеді. "Астана" арнасының тілшілері қарапайым асхананы жөндеу үшін 32 тонналық мұнаралы кранның не үшін қажеттігін анықтап көрді.
Галина Сотникова - көп жылдық еңбек өтілі бар құрылысшы. Оған тиесілі шағын компания жөндеу жұмыстарымен айналысады. 30 жыл ішінде құрылыс нарығында бедел жинай алған. Бірақ қазір банкротқа ұшырауы мүмкін. Өйткені тендерлерге қатысу қиынға соққан. Барлығына техникалық талаптар кедергі.
Галина Сотникова, құрылыс компаниясының жетекшісі:
Бүгінде бұл ең өзекті мәселеге айналды. Мысалы, мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін техникалық талаптарға сай мұнаралы кран, машинистер, сәйкестік сертификаттары сұралады. Екі қабатты ғимарат салу үшін 5 кран талап етеді. Бұл қисынсыз.
Аймақтағы ұлттық кәсіпкерлер палатасы жаңа талаптарды жіті зерттеп, көптеген сәйкессіздіктер тапқан. Мысалы, тендер құжатына сай мектептегі дәлізді жөндеу үшін құрылыс компаниясында 50 метрлік мұнаралы кран болуы қажет. Бұл тек бір жағдай ғана. Палата өкілдерінің айтуынша, осы талаптар заң нормаларына қайшы және мемлекеттік тапсырыстарға шағын-орта бизнес өкілдерінің қатысуына кедергі келтіреді.
Игорь Шацкий, ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры:
Әкімдікпен бірге сметалық жоба құжаттарына сараптама жүргізіп жатырмыз. Қадағалаушы органдардың бақылауы қажет, сондықтан прокуратурамен жұмыс жүргізудеміз. Барлық мәселелерді заң аясында қарастыруға дайынбыз.
Өңірлік прокуратура даулы мемлекеттік тапсырыстар төңірегінде зерттеу жүргізіп, техникалық талаптар сәйкес келмейтініне келісіп отыр. Әрбір жағдай бойынша жіті тексеру жүргізетіндерін жеткізді.
Виталий Шабер, ШҚО прокурорының орынбасары:
Екі қабатты нысанды жөндеу үшін 50 метрлік мұнаралы кран керек деген деректер расталды және бұл жағдайды тексереміз. Барлық келеңсіздіктерді заңның аясында немесе сот арқылы өзгертеміз. Ал, байқаулар қайта өткізілетін болады.
Шығыс қазақстандық құрылыс компаниялары прокуратураның шешімін күтуде. Өйткені санаулы күндерден кейін құрылыс маусымы қызады. Сондықтан әрбір күн есептеулі.
Берік ХАСЕНОВ