Қазақстанда аптап ыстық әлі де сақталады. Тіпті, кей жерлерде ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы «ҚазГидромет» орталығы хабаралады.
Еліміздің басым бөлігінде күндіз +32, +39 градус ыстық болады, ал жекелеген жерлерде +40, +43 градус ми қайнатар ыстық күтілуде.
Мамандар еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қапырық ыстық салдарынан өрт қаупі күшейеді, деп ескерту таратып жатыр. Орталық пен шығысында күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауғанымен термометр көрсеткіші +40 градустан түсе қоймайды.
Ал, солтүстік облыстарда жаңбыр салдарынан ауа көрсеткіші +30 градусқа төмендеуі мүмкін. Бірақ бұл да климаттық нормадан аса төмен емес. Сондықтан, мамандар ашық аспан астында көп жүріп қалмау қажет деп ескертуде.
Илхам ИБРАГИМ