Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның қазба байлықтары аукционға шығарылады

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2015
  • 2931

Қазақстанның қазба байлықтары аукционға шығарылады. 3 желтоқсанда елімізде алғаш рет жер қойнауын пайдалану құқын беретін аукцион өтеді. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми сайты ақпарат таратты.

Барлығы 100 жер қойнауы учаскесі сатылады.Оның ішінде 27-сі өндіруге, 73-і барлауға арналған. Аукцион арқылы 46 алтын кеніші, 2 кобальт пен хром, бір титан, үш үштен марганец пен темір кеніштері, бір алмаз, 2 боксит тағы басқа кен орындары сатылады. Аукционға қатысуға өтініштер 1 қазанға дейін қабылданған. Барлығы 190 өтініш түскен.

Министрлік таратқан ақпаратта "Аукцион мемлекетке инвестиция тартуға, оған қатысушылардан барынша мол қаржы түсуруге септігін тигізеді" делінген.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ