Қазақстанда сұранысқа байланысты құбылатын авиабилеттердің құны тағы қымбаттауы мүмкін. Монополияға қарсы комитет әуежай қызметтерін мемлекеттік реттеуден босатуды ұсынды. Әуежайлардың жүзден астам қызмет түріне бағаны өз бетімен белгілеуі - әуе компанияларының шығынын ішкі рейстерде 11 пайызға, халықаралық бағыттарда 16 пайызға арттырады, - дейді тасымалдаушылар.
Тілек Әбдірахымов, «Air Astana» әуе компаниясының корпоративтік байланыс менеджері:
Әуежайлардың алымдары авиациялық отыннан кейін әуе компанияларда шығыстың ең ірі екінші көзі болып табылады. Яғни бұл кем дегенде 10-20 пайызын құрайтын шығар. Сондықтан өзіңіз көріп тұрсыз, бұл елеулі қымбаттауға әкелуі мүмкін.
Авиабилет құны мен әуежайлардың бағасы «удай» ас-суы ертең 20:00-де «Біздің уақыттың» сараптамасында.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ