28 мамырдан бастап Астананың кейбір көшелерінде біржақты қозғалыс тәртібі енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабар таратуда. Яғни көліктер Елордадағы Әуезов пен Желтоқсан көшелері арқылы біржақты бағытта ғана қатынайды. Ал маусымның 10-ынан бастап Абай даңғылы, Кенесары және Янушкевич көшелері осындай тәртіпке көшеді.
Аталған учаскелердегі біржақты қозғалыс жолының жалпы ұзындығы 14,5 шақырым. Мамандардың айтуынша, бұл көшелердің көлік өткізу қабілетін 25% арттырады деп күтіліп отыр. Сондай- ақ, темір тұлпарлардың қиылыстарда тұрып қалуын 29%-ға азайтып, көлік ағыны жылдамдығын 33%-ға дейін көтеруге мүмкіндік береді.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ