Ұрланған үш израильдік жеткіншектің мәйіттері табылды. Мүрделер Халхулом қаласы мен Хеврон процинциясы аралығындағы сайын далаға көміліп тасталған, деп хабарлайды «Рейтерс» агенттігі.
Ресми Тель-Авив бұл іске ХАМАС жасағының екі мүшесінің қатысы бар деп мәлімдеді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдің қарулы күштерімен өткізген жиынында қылмыскерлерді «адам бейнесіндегі аңға теңеді». Және ХАМАС-тың жауап беретінін айтты.
Еске салайық, еврей діни мектебінің үш тәрбиеленушісі маусымның 12-де жоғалып кетті. Жасөспірімдер демалыста үйлеріне жету үшін, жолшыбай көлік тоқтатып, жолға шығады. Балалар жоғалды дегенде, Израиль әскері ауқымды іздеу орперациясын жүргізеді. Іздеу барысында израильдік әскерилер төрт палестиналықты өлтірген.
Айгүл ӘДЕПБАЙ