Жоғалған Egypt Air компаниясының ұшағын лаңкестер басып алуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 19 мамыр 2016

Ұшты-күйлі жоғалған Egypt Air компаниясының ұшағын лаңкестер басып алуы мүмкін. Мысыр премьер-министрі Исмаил Шериф осындай болжамымен бөлісті,- деп хабарлайды Рейтерс. Алайда, бұл тек жорамал ғана. Әуе кемесін іздестіру жалғасып жатыр. Ұшақ құлауы мүмкін аумақтарға күштік құрылымдар жедел жеткен.

Еске салайық, бүгін Egypt Air компаниясының А320 ұшағы, әуежайдан көкке көтерілген соң 20 минут өткенде, Грекия аумағында радардан жоғалды. Бортында 66 адамы бар әуе кемесі Каирден Парижді бетке алған. Іздестіру жұмыстарына француздар да ат салыспақ.  

Шериф Исмаил, Мысыр премьер-министрі:

Әскери әуе күштері қоңырау емес, дыбыстық белгі алғандарын жеткізді. Барлық ақпаратты тексеріп жатырмыз. Грекиямен байланыс орнатылды. Әзірге нақты бір мәлімет айта алмаймыз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА