Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей Түркиядан жеткізілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің орнын Қазақстанның тауарларымен алмастырмақ

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2015
  • 1148

Ресей Түркиядан жеткізілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің орнын енді Қазақстанның тауарларымен алмастырмақ. Біздің көкөністерімізге көрші елдің сұранысы артқан.

Оңтүстік Қазақстандағы жылыжай шаруашылығымен айналысушыларға мәскеулік әріптестері ұсыныспен шықты. Заманауи талапқа сайжылыжайдың жалпы аумағы 3 гектар. Жұмысын қаңтарда бастаған серіктестікте голландиялық қызанақтың үш түрі өсіріледі. Әзірше еліміздің Оңтүстігі мен Солтүстік облыстарды қамтамасыз етіп келеміз,- дейді жылыжай өкілдері. Алғашқы жарты жылда мұнда тек қияр өсірілген. Ол кезде жиналған 550 тонна өнімнің 20 пайызы ғана Ресейге жіберіліпті.

Тоқсаба Тоқсанбаев,  серіктестіктің  әкімшілік директоры:

Помидорлар қазір Ресей жақта жетіспей жатыр. Соны бізден өтініш қылып жатыр, біздің жылыжайлар өнімдерін сол жаққа жіберсін деп. Ал  бір-екі күн келісім сөздер болады. Алып жатса, келісім дұрыс болса, желтоқсаннан Ресейге де шығамыз деп жоспарлап отырмыз.

Мұрат Гелашвили, серіктестіктің бас директоры: 

Шамамен 50-60 тонна қызанақты дәл қазір жіберуге әзірміз. Ал көктемде 700-800 тонна қияр алу жоспарда бар. Соның 500 тоннасын Ресейге экспорттауды жоспарлап отырмыз.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы жылыжайлардың жалпы аумағы 1 мың гектардан асады. Олардан жыл соңына дейін 170 мың тоннадай өнім алу жоспарланып отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше,  жылыжайлардан жиылған  60 мың тоннадай өнім Ресей мен Белоруссияға экспортталды. Кәсіпкерлер тағы 25 мың тоннадай қияр мен қызанақты жөнелтуге қауқарлы.

Таңатар Жақыпбаев, ОҚО ауыл шаруашылық басқармасының бас маманы:

Ресей Федерациясы мынау Түркияның кәсіпкерлерін өздерінің базарларынан шығарған жағдайда, біздің кәсіпкерлер, біздің шаруа қожалықтар көкөніспен қамтамасыз етуге толық мүмкіндігі бар Ресейді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ